Украинаның Ұлттық опера балет жұлдыздарының қатысуымен

Украинаның Ұлттық опера балет жұлдыздарының қатысуымен Алматы қаласында көрсетілім өткізу туралы әлеуметтік желілерде таратылған ақпаратқа қатысты «АЛМАТЫ ӘУЕНДЕРІ» КМҚК баспасөз қызметі -таратылып жатқан ақпараттың жалған екенін хабарлайды.
 Концерттік залды жалға алу және қойылымды өткізу туралы Ұйымдастырушымен шарт жасалмағанын мәлімдейміз.
АЛМАТЫ ӘУЕНДЕРІ опера мен балет өнерінің жанкүйерлері болып табылатын қала тұрғындарының жаңылыстырылғанына өкініш білдіреді.
Ақпаратты тексеріп, тек ресми көздерге сенуді сұраймыз.